Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 қыркүйек 2025 ж.

    Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жылыой аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы №4-3 шешімі;

    2) «Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы №4-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі №7-5 шешімі.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Қ. Мыңбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.