Талдықорған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 7-бабы 5-тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 2-16 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 181077 болып жарияланған);
2. Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 2-16 «Талдықорған қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 3 тамыздағы № 7-46 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 184855 болып жарияланған) шешімдері жойылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы
Т. Ахажан
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.