Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 тамыз 2025 ж.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік Қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (тіркелген № 32987 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде), Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.

    2. «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және алеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Ә. Құрмангожин

    Зеренді ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «____» ___________

    № ________ қаулысына

    қосымша

    Бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф

    Мекемелердің түрлері
    Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге)
    1.
    Үйде қызмет көрсету
    3176,50

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.