Көшеге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 қорытындысына сәйкес Екпінді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екпінді ауылдық округі Екпінді ауылындағы атауы жоқ көшеге «Сұлтанбек Жәнібековтің» есімі берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екпінді ауылдық округі әкімі
Қ. Қожамжаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.