Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 8 қыркүйек 2025 ж.
Көшеге атау беру және қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572-ХІІ Заңының 14-1 бабына және Облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы №2 санды қорытындысына сәйкес ШЕШТІ:
1. Қамыстыбас ауылдық округі, Қамыстыбас ауылындағы, Қамыстыбас көшесі "Ынтымақ" атауымен қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қамыстыбас ауылдық округі әкімі
А.Балмырзаева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.