Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 ақпан 2026 ж.

    Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы

    «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды қамтамасыз етсін:

    1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісінде ресми жариялау үшін электронды түрде жолдауды;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберу.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

    Б. Асылов

    бұйрығына қосымша/

    Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесі

    Р/с №
    Ақ­па­рат­тық жүйе мен ин­тер­нет-ре­сур­стың ата­уы
    Элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар
    Ақ­па­рат­тық жүйе мен ин­тер­нет-ре­сур­стың ие­сі
    1
    2
    3
    4
    1.
    «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы сот ор­ган­да­ры­ның ақ­па­рат­тық жүй­е­сі»
    же­ке және заң­ды тұ­лға­лар бой­ын­ша сот іс­те­рі ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сот әкім­ші­лі­гі
    2.
    «Тал­дау ор­та­лы­ғы»
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның Құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі ко­ми­те­ті­нің ар­найы есеп­те­рін­де же­ке тұ­лға­лар­дың бо­луы ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның Құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жөнiн­де­гi ко­ми­тетi
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан ше­тел аза­мат­та­рын шы­ға­рып жі­бе­ру жө­нін­де­гі сот ше­шім­де­рі­нің орын­да­луын мо­ни­то­ринг­теу мен ба­қы­лау ту­ра­лы
    құқық қор­ғау, ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік және өзге де ор­ган­дар­дың ақ­па­рат ал­ма­су жүй­е­сіне қол­же­тім­ді­лік құқы­ғын анық­тау тұр­ғы­сы­нан қыл­мыстық іс­тер бой­ын­ша
    же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың тір­кел­ген өті­ніш­те­рі ту­ра­лы
    3.
    «Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­лер­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мі»
    қыл­мыстық іс­тер бой­ын­ша
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның Құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жөнiн­де­гi ко­ми­тетi
    4.
    «Бүр­кіт»
    адам­дар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­дан өтуі ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­ны ав­то­кө­лік­тер­мен өту ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­дан өту­ді шек­теу бой­ын­ша ағым­да­ғы тап­сыр­ма­лар ту­ра­лы
    5.
    «Бі­рік­ті­рі­л­ген де­ректер бан­кі»
    же­ке тұ­лға­лар­дың және олар­дың ие­ле­рі­нің тір­кел­ген қа­руы ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
    қыл­мыстық кө­лік құ­рал­да­ры ту­ра­лы
    қыл­мыстық қа­ру ту­ра­лы
    6.
    «Nominals»
    із­де­уде жүр­ген адам­дар ту­ра­лы (қыл­мыс­кер­лер, ха­бар-ошар­сыз кет­кен­дер, со­ның ішін­де мүд­де ту­ды­ра­тын тұ­лға­лар)
    Ха­лы­қа­ра­лық қыл­мыстық по­ли­ция ұй­ы­мы - Ин­тер­пол (Леон қа­ла­сы, Фран­ция)
    «Stolen lost travel documents-SLTD»
    ұр­лан­ған/жо­ғал­ған жол жү­ру құ­жат­та­ры ту­ра­лы
    «Stolen motor vehicles-SMV»
    кри­ми­нал­дық ав­то­мо­то­кө­лік ту­ра­лы
    7.
    «Сер­ви­стік ор­та­лық 2.0»
    тір­кел­ген кө­лік құ­рал­да­ры ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
    кө­лік құ­ра­лын бас­қа­ру­ға құқық бе­ре­тін жүр­гі­зу­ші ку­ә­лі­гін ал­ған адам­дар ту­ра­лы
    кө­лік құ­ра­лы­на шек­те­уді қою/алу
    8.
    «Кө­ші-қон по­ли­ци­я­сы»
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на уа­қыт­ша ке­ле­тін ше­тел­дік­те­рі тір­кеу ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
    ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру және тір­кеу ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын қа­был­да­уын және одан шы­ғуын тір­кеу ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на кі­ру­ге ша­қы­ру­лар­ды (же­ке са­пар бой­ын­ша) қа­был­дау және ке­лі­су ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге тұ­рақ­ты тұ­ру үшін ке­ту­ге құ­жат­тар­ды ре­сім­деу ту­ра­лы
    9.
    «Ха­лық­ты құ­жат­тан­ды­ру және тір­кеу» Тір­кеу пунк­ті»
    же­ке тұл­ға және оның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, тір­кел­ген ме­кен­жайы және су­ре­ті ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
    10.
    «Е-қыз­мет»
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі агент­ті­гі
    11.
    «Ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші»
    ше­тел­дiк жұ­мыс кү­шiн тар­ту ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тiк қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
    12.
    «Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­дың ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған банк де­рекқо­ры»
    мү­ге­дек­тікті рас­тау ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тiк қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
    13.
    «Әле­умет­тiк кө­мек»
    әле­умет­тiк кө­мек ту­ра­лы (ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек және тұр­ғын үй кө­ме­гі)
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тiк қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
    14.
    «Ең­бек на­ры­ғы»
    жұ­мыспен қам­ту ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тiк қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
    15.
    «Қан­дас»
    «қан­дас», «бо­сқын» мәр­те­бе­сін ал­ған адам­дар ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тiк қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
    16.
    «Зей­не­та­қы мен
    жәр­де­ма­қы тө­лем­де­рі­нің
    ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған
    де­рекқо­ры» және «Тө­лем­дер­ді өң­де­уді ұй­ым­да­сты­ру»
    бел­гі­лі бір уа­қыт ке­зін­де­гі тө­лем­дер
    (зей­не­та­қы, зей­нет­кер­лік ауда­рым­дар және та­ғы бас­қа­ла­ры) ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тiк қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
    17.
    «Дис­пан­сер­лік на­у­қа­стар­дың элек­трон­дық тір­ке­лі­мі»
    же­ке тұл­ға­ның дис­пан­сер­лік есеп­те тұ­руы ту­ра­лы (адам­ның пси­хи­атр­да неме­се нар­ко­лог­та есеп­те тұ­ру жағ­дай­ы­ның фак­ті­сі ту­ра­лы)
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі
    18.
    «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры»
    субъект туралы (жеке немесе заңды тұлға), лицензия туралы (нөмірі, түрі)
    Қазақстан Республикасының
    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
    19.
    «Мобильді азаматтар базасы»
    тіркелген ұялы телефон нөмірлері туралы
    Қазақстан Республикасының
    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
    20.
    «Мобильді үкімет» ақпараттық жүйесінің «1414» Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі
    мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде SMS жіберу
    Қазақстан Республикасының
    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
    21.
    «Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лық­та­ры­ның ық­пал­да­сты­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сі»
    же­ке және заң­ды тұ­лға­лар ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лық­та­рын­да ал­ған қыз­мет­тер ту­ра­лы
    «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ғам
    22.
    «Бі­рың­ғай мем­ле­кет­тік жы­л­жы­май­тын мү­лік ка­даст­ры»
    жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі және та­ри­хи де­ректер­ді қо­са ал­ған­да, объ­ек­ті­ге құқық ие­ле­ну ту­ра­лы
    «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ғам
    жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі­мен опе­ра­ци­я­лар­ға ауырт­па­лық­ты са­лу/алып та­стау
    жер учас­ке­ле­рі және олар­дың си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы
    23.
    «Экс­пресс-3»
    те­мір­жол кө­лі­гіне са­ты­л­ған және қай­та­ры­л­ған жол жү­ру құ­жат­та­ры ту­ра­лы
    «Қа­зақ­стан те­мір жо­лы» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
    24.
    «Мін­дет­ті тех­ни­ка­лық бай­қа­удың бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық жүй­е­сі»
    ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық бай­қа­удан өтуі ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кө­лік ми­ни­стр­лі­гі
    25.
    «Кө­лік­тік де­рекқор­дың және та­сы­мал­дау қа­уіп­сіз­ді­гі­нің сер­пін­ді­лі­гі мо­ни­то­рин­гі­нің ақ­па­рат­тық-тал­дау жүй­е­сі»
    те­мір­жол кө­лік құ­рал­да­ры, олар­дың ие­ле­рі ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кө­лік ми­ни­стр­лі­гі
    өзен ке­ме­ле­рі мен ша­ғын ке­ме­лер, олар­дың ие­ле­рі ту­ра­лы
    26.
    «АРСАS»
    ресімделген және (немесе) бронға қойылған билеттер туралы
    Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі
    27.
    «Мо­но­по­лист»
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­рі ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стр­лі­гі­нің Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар­ды рет­теу ко­ми­те­ті
    28.
    «Ұлт­тық бі­лім бе­ру де­рекқо­ры
    ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ы­мы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі
    29.
    «Жо­ға­ры бі­лім бе­ру­дің бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы»
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның сту­дент­те­рі мен тү­лек­те­рі ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стр­лі­гі
    30.
    «Жұмылдыру ресурсы автоматтандырылған жүйесінің интеграциялық шлюзі»
    әскери міндеттілер және әскерге шақырылушылар туралы*
    Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
    31.
    «Е-agriculture» аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен са­ла­ла­рын бас­қа­ру­дың бі­рың­ғай ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­сі»
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы тех­ни­ка, оның ие­ле­рі ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лi­гі
    32.
    «е-Мин­фин»
    мем­ле­кет­тік са­тып алу ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі
    бюд­жет­тен тө­ле­не­тін тө­лем­дер ту­ра­лы
    мем­ле­кет­тік бюд­жет­ке тү­сім­дер ту­ра­лы
    33.
    «Smart Data Finance»
    са­лық тө­ле­у­ші­лер­ді тір­кеу де­ректе­рі бой­ын­ша қыз­мет
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті
    са­лық бе­ре­ше­гі бой­ын­ша қыз­мет (сұ­ра­ныс-жа­у­ап)
    қар­сы тек­се­рі­стер ту­ра­лы
    қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы бой­ын­ша есеп­ке қою/есеп­тен алу
    са­лық есеп­ті­лі­гін өң­деу жүй­е­сі ту­ра­лы
    контр­агент­тер қыз­ме­ті
    этил спир­тін және/неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лын өн­ді­ру және ай­на­лы­мы ту­ра­лы де­кла­ра­ци­я­лар ту­ра­лы
    ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру және олар­дың ай­на­лы­мы ту­ра­лы де­кла­ра­ци­я­лар ту­ра­лы
    ал­ко­голь өнім­де­рі­нің ай­на­лы­мы ту­ра­лы де­кла­ра­ци­я­лар ту­ра­лы
    мұ­най өнім­де­рі жө­нін­де­гі де­кла­ра­ци­я­лар ту­ра­лы (2-нұс­қа­сы)
    мұ­най өнім­де­рі жө­нін­де­гі де­кла­ра­ци­я­лар ту­ра­лы (3-нұс­қа­сы)
    же­ке та­быс са­лы­ғы мен мү­лік жө­нін­де­гі де­кла­ра­ци­я­лар ту­ра­лы
    34.
    «АСТА­НА-1 (Keden)»
    сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­ке қа­ты­су­шы­лар ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті
    жо­ла­у­шы­ның ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ла­ры ту­ра­лы
    кө­лік құ­ра­лы­на ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­лар ту­ра­лы
    35.
    «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ды бас­қа­ру­дың бі­рың­ғай мем­ле­кет­тік жүй­е­сі»
    жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сім­шар­ттар ту­ра­лы (кө­мір­су­те­гі ши­кі­за­ты және уран және кө­мір бө­лі­гін­де қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар)
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі
    жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сім­шар­ттар (уран мен кө­мір­ді қо­с­па­ған­да, қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар және же­ра­с­ты су­ла­ры) ту­ра­лы
    36.
    «Ат­қа­ру­шы­лық іс
    жүр­гі­зу ор­ган­да­ры­ның ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сі»
    сот ак­ті­ле­рін орын­дау ту­ра­лы (4.0 ны­сан­ды кар­точ­ка­лар, 4.1 ны­сан­ды ат­қа­ру­шы­лық құ­жат­ты есеп­ке алу кар­точ­ка­ла­ры, ат­қа­ру­шы­лық құ­жат­тың қоз­ға­лы­сы және оны орын­дау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы кар­точ­ка­лар)
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әдiлет ми­ни­стр­лi­гi
    ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу бой­ын­ша бо­рыш­кер­лер ту­ра­лы
    37.
    «Же­ке тұ­лға­лар» мем­ле­кет­тік де­рекқо­ры»
    же­ке тұл­ға және же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, адам­ның тір­кел­ген ме­кен­жайы ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әдiлет ми­ни­стр­лi­гi
    38.
    «Заң­ды тұ­лға­лар» мем­ле­кет­тік де­рекқо­ры»
    заң­ды тұл­ға ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әдiлет ми­ни­стр­лi­гi
    заң­ды тұл­ға­ның тір­кеу әре­кет­те­ріне ауырт­па­лық са­лу/алып та­стау
    заң­ды тұл­ға­да­ғы қа­ты­су­шы­ның үле­сіне ауырт­па­лық са­лу/алып та­стау
    39.
    «Бі­рың­ғай но­та­ри­ал­дық ақ­па­рат­тық жүйе»
    но­та­ри­устар және жа­сал­ған но­та­ри­ат­тық iс-әре­кет­тер ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әдiлет ми­ни­стр­лi­гi
    40.
    «Аза­мат­тық хал ак­тiлерi­нің жа­з­ба­сы»
    же­ке тұ­лға­лар­дың аза­мат­тық хал ак­ті­ле­рі ту­ра­лы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әдiлет ми­ни­стр­лi­гi
    41.
    Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі
    банк­тік шот­тар ту­ра­лы
    екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер
    банк опе­ра­ци­я­ла­ры ту­ра­лы
    42.
    «Бі­рың­ғай сақ­тан­ды­ру де­рекқо­ры»
    кө­лік құ­рал­да­ры ие­ле­рі­нің аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы
    «Мем­ле­кет­тік несие бю­ро­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ғам
    сақ­тан­ды­ру есеп­те­рі ту­ра­лы
    43.
    «Бі­рін­ші несие бю­ро­сы»
    несие та­рихы ту­ра­лы
    «Бі­рін­ші неси­е­лік бю­ро» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    44.
    «Қаз­поч­та» ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның ақ­па­рат­тық жүй­е­сі»
    по­шта жө­нел­ті­лім­де­рі ту­ра­лы
    «Қаз­поч­та» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
    45.
    «Қа­з­ақ­те­ле­ком»
    те­ле­фон же­лі­сі­нің або­нент­те­рі ту­ра­лы
    те­ле­фон же­лі­сі­нің або­нент­те­рі ту­ра­лы
    46.
    «Бағалы қағаздардың депозитарлық-тіркеу жүйесі»
    бағалы қағаздардың және олармен жасалатын мәмiлелердiң бар-жоғы туралы
    Акционерлік қоғамы
    «Орталық депозитарий
    бағалы қағаздар»
    47.
    «Сәйкестендіру кодтарының деректер базасы»
    тіркелген ұялы байланыс құрылғылары туралы
    Қазақстан Республикасының
    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
    «Ескерту:
    Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен беріледі.
    * - қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) жұмылдыру ресурстарының интеграциялық шлюзіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы жөніндегі бірлескен бұйрықтарына қол жеткізуі болған жағдайда.».

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.