Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынатын мәліметтерінің нысанын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 қыркүйек 2025 ж.

    Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынатын мәліметтерінің нысанын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабы 5-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналар:

    1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынатын мәліметтерінің нысаны;

    2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттігі

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 18 қыркүйектегі

    № 509

    Бұйрыққа 1-қосымша

    Әкімшілік деректерді жинауға

    арналған нысан

    Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынылатын мәліметтері

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.kgd.gov.kz интернет – ресурста орналастырылған.

    Әкімшілік нысанның атауы: Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынылатын мәліметтер.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі ИАИМ1.

    Кезеңділік: ай сайын.

    Есепті кезең: 20____ жыл ____ айы.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Интернет-алаң иелері.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 5-інен (бесінен) кешіктірмей.

    Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: __________________.

    Жинау әдісі: электронды түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.

    Та­у­ар­лар мен (неме­се) қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар­дың же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Та­у­ар­лар мен (неме­се) қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар ды) жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар­дың ата­уы
    Та­у­ар­лар мен (неме­се) қыз­мет тер­ді (жұ­мыс тар­ды) жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар­дың ре­зи­дент тік мәр­те­бе­сі
    Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­с­па­ған­да­ғы өт­кі­зі­л­ген та­у­ар­лар­дың құ­ны (тең­ге)
    Азық- тү­лік
    Дә­рі-дәр­мек­тер
    Фильм­дер, му­зы­ка
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Кестенің жалғасы
    Кі­тап­тар, жур­нал дар, га­зет­тер
    Ки­ім, аяқ-ки­ім, спорт­тық та­у­ар­лар
    Кос­ме ти­ка
    Ой­ын­дар­ды қо­с­па­ған­да, ком­пью­тер лік, бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету
    Ком­пью тер­лік та­у­ар­лар (дис­кі­лер флеш жи­нақ­та ғы­штар
    Ком­пью­тер­лік ой­ын­дар және бейне ой­ын дар
    Фо­то, те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық және оп­ти­ка­лық құ­ры­л­ғы
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    Кестенің жалғасы
    Тұр­мыс
    тық та­у­ар­лар­дың (жи­һаз және ас үй жаб­дық­та­ры)
    Му­зы­ка­лық ас­пап­тар
    Кең­се та­у­ар­ла­ры
    Ав­то­кө­лік қо­сал­қы бөл­шек­те­рі
    Өзге та­у­ар лар
    Қай­тар ым­ды қо­с­па­ған­да­ғы өт­кі­зу дің жал­пы құ­ны
    Өт­кі­зіл ген та­у­ар­лар бой­ын­ша қай­та­рым құ­ны
    Қай­та­рым ды ес­ке­ре оты­рып өт­кіз іл­ген та­у­ар­лар дың жал пы құ­ны
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    Кестенің жалғасы
    Өт­кі­зіл ген та­у­ар­лар бой­ын ша қо­сым ша құн са­лы­ғы ның со­ма­сы (тең­ге)
    Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің (жұ­мыстар­дың) қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­с­па­ған­да­ғы құ­ны (тең­ге)
    Ор­на­лас ты­ру қыз­мет те­рін­де­гі (тұр­ғын үй, қо­нақ үй) орын­дар ды брон­дау және тө­леу бой­ын­ша көр­се­тіл ген қыз­мет тер­дің өт­кі­зу құ­ны
    Кө­лік қыз­мет­те­ріне (әуе, те­мір жол, те­ңіз неме­се өзен) би­лет тер­ді брон дау және тө­леу бой­ын­ша көр­сет іл­ген қыз­мет­тер­дің өт­кі­зу құ­ны
    Ой­ын-са­уық іс-ша­ра ла­ры­на (спорт тық, те­атр, цирк, кон­церт) би­лет­тер­ді брон­дау бой­ын­ша көр­се­тіл ген қыз­мет тер­дің өт­кі­зу құ­ны
    Жо­лау шы лар­ды та­сы­мал дау қыз­мет те­рі (әуе, те­мір жол, те­ңіз неме­се өзен) бой­ын ша өт­кі­зу дің құ­ны
    Жүк та­сы­мал дау қыз­мет те­рі (әуе, те­мір жол, те­ңіз неме­се өзен) бой­ын ша өт­кі­зу дің құ­ны
    Ем­дік-са­уық­ты­ру және сто­ма­то­ло­гия лық қыз­мет­тер­дің өт­кі­зу құ­ны
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    Кестенің жалғасы
    Заң қыз­мет­те­рі нің өт­кі­зу құ­ны
    Қар­жы­лық, бух­гал­тер­лік қыз­мет­тер дің өт­кі­зу құ­ны
    Бі­лім бе­ру қыз­мет те­рі­нің өт­кі­зу құ­ны
    Жар­на­ма са­ла­сын да­ғы қыз­мет­тер­дің өт­кі­зу құ­ны
    Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ция лық тех­но­ло­ги­я­лар са­ла­сын­да­ғы (те­ле­ди­дар, цифр­лық те­ле­фо­ния) қыз­мет­тер­дің өт­кі­зу құ­ны
    Өзге де қыз­мет түр­ле­рі­нің өт­кі­зу құ­ны
    30
    31
    32
    33
    34
    35
    Кестенің жалғасы
    Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер бой­ын­ша қай­та­рым со­ма­сын қо­с­па­ған­да­ғы өт­кі­зу­дің жал­пы құ­ны
    Өт­кі­зі­л­ген қыз­мет­тер бой­ын­ша қай­та­рым со­ма­сы
    Қай­та­рым­ды ес­ке­ре оты­рып өт­кі­зі­л­ген қыз­мет­тер­дің жал­пы құ­ны
    Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер (жұ­мыстар) бой­ын­ша қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­ның со­ма­сы
    Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­с­па­ған­да­ғы ин­тер­нет-алаң ұста­ған ко­мис­сия неме­се оның ал­ған та­быс со­ма­сы
    36
    37
    38
    39
    40
    Тө­лем­ді ал­ған тұл­ға­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі көр­се­ті­ле­ді
    Тө­лем­ді ал­ған тұл­ға­ның те­гі, аты және әке­сі­нің аты (егер ол же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та көр­се­тіл­се)
    Тө­лем жа­сал­ған күн
    Са­лық­ты есеп­те­ме­ген­де­гі тө­лем со­ма­сы
    Есеп­тел­ген тө­лем бой­ын­ша са­лық со­ма­сы
    41
    42
    43
    44
    45
    Ескерту: Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынылатын мәліметтер нысанын толтыруға арналған түсіндірме аталған нысанға қоса берілген қосымшада келтірілген.
    Атауы __________________________________________________________________________
    Резиденттік мәртебесі __________________________________________________________
    Адрес __________________________________________________________________________
    Телефон ________________________________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы_________________________________________________
    Орындаушы ____________________________________________________________________
    Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы, телефон _________
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________________
    _________________________________________________________________________________
    тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы
    Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда).
    Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынылатын мәліметтер нысанға
    қосымша
    Қазақстан Республикасының резидент–жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынылатын мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме
    Нысанның 1-бағанында жолдың реттік нөмірі.
    Нысанның 2-бағанында  тауарларды және (немесе) қызметтерді өткізетін тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
    Аталған баған Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тауарларды және (немесе) қызметтерді өткізетін тұлғаларға қатысты толтырылады.
    Нысанның 3-бағанында тауарларды және (немесе) қызметтерді өткізетін тұлғалардың атауы көрсетіледі.
    Нысанның 4-бағанында тауарларды және (немесе) қызметтерді өткізетін тұлғалардың резиденттік мәртебесі көрсетіледі.
    Нысанның 5-бағанында өткізілген азық-түлік өнімдерінің құны көрсетіледі.
    Нысанның 6-бағанында өткізілген дәрі-дәрмектердің құны көрсетіледі.
    Нысанның 7-бағанында өткізілген фильмдер мен музыканың құны көрсетіледі.
    Нысанның 8-бағанында өткізілген кітаптар, журналдар, газеттердің құны көрсетіледі.
    Нысанның 9-бағанында өткізілген киімдер, аяқ киімдер, спорттық тауарлардың құны көрсетіледі.
    Нысанның 10-бағанында өткізілген косметиканың құны көрсетіледі.
    Нысанның 11-бағанында ойындардан қоспағанда өткізілген компьютерлік, бағдарламалық қамтамасыз етудің құны көрсетіледі.
    Нысанның 12-бағанында өткізілген компьютерлік тауарлардың (дискілер және флеш-жинақтағыш) құны көрсетіледі.
    Нысанның 13-бағанында өткізілген компьютерлік ойындар мен бейнеойындардың құны көрсетіледі.
    Нысанның 14-бағанында өткізілген фото, телекоммуникациялық және оптикалық жабдықтардың құны көрсетіледі.
    Нысанның 15-бағанында өткізілген тұрмыстық тауарлардың (жиһаз және ас үй жабдықтары) құны көрсетіледі.
    Нысанның 16-бағанында өткізілген музыкалық аспаптардың құны көрсетіледі.
    Нысанның 17-бағанында өткізілген кеңсе тауарларының құны көрсетіледі.
    Нысанның 18-бағанында өткізілген автокөлік қосалқы бөлшектерінің құны көрсетіледі.
    Нысанның 19-бағанында өткізілген өзге тауарлардың құны көрсетіледі.
    Нысанның 20-бағанында қайтарымды қоспағандағы өткізудің жалпы құны көрсетіледі.
    Нысанның 21-бағанында өткізілген тауарлар бойынша қайтарым құны көрсетіледі.
    Нысанның 22-бағанында қайтарымды ескере отырып өткізілген тауарлардың жалпы құны көрсетіледі.
    Нысанның 23-бағанында өткізілген тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
    Нысанның 24-бағанында орналастыру қызметтеріндегі (тұрғын үй, қонақ үй) орындарды брондау және төлеу бойынша көрсетілген қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.
    Нысанның 25-бағанында көлік қызметтеріне (әуе, теміржол, теңіз немесе өзен) билеттерді брондау және төлеу бойынша көрсетілген қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.
    Нысанның 26-бағанында ойын-сауық іс-шараларына (спорттық, театр, цирк, концерт) билеттерді брондау бойынша көрсетілген қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.
    Нысанның 27-бағанында жолаушыларды тасымалдау қызметтері (әуе, теміржол, теңіз немесе өзен) бойынша өткізудің құны көрсетіледі.
    Нысанның 28-бағанында жүк тасымалдау қызметтері (әуе, теміржол, теңіз немесе өзен) бойынша өткізудің құны көрсетіледі.
    Нысанның 29-бағанында көрсетілген емдік-сауықтыру және стоматологиялық қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.
    Нысанның 30-бағанында көрсетілген заң қызметтерінің өткізу құны көрсетіледі.
    Нысанның 31-бағанында көрсетілген қаржылық, бухгалтерлік қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.
    Нысанның 32-бағанында көрсетілген білім беру қызметтерінің өткізу құны көрсетіледі.
    Нысанның 33-бағанында көрсетілген жарнама саласындағы қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.
    Нысанның 34-бағанында көрсетілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (теледидар, цифрлық телефония) қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.
    Нысанның 35-бағанында көрсетілген өзге де қызмет түрлерінің өткізу құны көрсетіледі.
    Нысанның 36-бағанында көрсетілген қызметтер бойынша қайтарым сомасын қоспағандағы өткізудің жалпы құны көрсетіледі.
    Нысанның 37-бағанында өткізілген қызметтер бойынша қайтарым сомасы көрсетіледі.
    Нысанның 38-бағанында қайтарымды ескере отырып өткізілген қызметтердің жалпы құны көрсетіледі.
    Нысанның 39-бағанында көрсетілген қызметтер (жұмыстар) бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
    Нысанның 40-бағанында қосылған құн салығын қоспағанда интернет-алаң ұстаған комиссия немесе оның алған табыс сомасы көрсетіледі.
    Нысанның 41-бағанында төлемді алған тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Аталған баған төлем алған Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тұлғаларға қатысты толтырылады.
    Нысанның 42-бағанында төлемді алған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
    Нысанның 43-бағанында төлем жасалған күн көрсетіледі.
    Нысанның 44-бағанында салықты есептемегендегі төлем сомасы көрсетіледі.
    Нысанның 45-бағанында есептелген төлем бойынша салық сомасы көрсетіледі.

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 18 қыркүйектегі

    № 509

    Бұйрыққа 2-қосымша

    Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

    1-бөлім. Жалпы ережелер

    1. Осы интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді ұсыну (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 56-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және интернет-алаң иелері Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:

    1) интернет-алаң – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі мен интернет арқылы тауарлар сатуға, қызметтер көрсетуге, қызметтер көрсету туралы ұсыныстарға, оның ішінде интернет-дүкенге және (немесе) сауда алаңына қолжетімділік беру арқылы өзге тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді сату және көрсету, тапсырысты ресімдеу және төлем жасау үшін мүмкіндік беру бойынша делдалдық қызметтер көрсетуге арналған интернет-дүкен және (немесе) сауда алаңы.

    2) интернет-алаң иесі – тауарлар мен қызметтерді өткізу ісін ұйымдастыратын заңды тұлға;

    3) Қазақстан Республикасы аумағында интернет-алаң арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компания – Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы тауарларды жүзеге асыратын және (немесе) қызмет көрсететін резидент емес заңды тұлға;

    4) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган салық органы болып табылады.

    2-бөлім. Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері

    3. Интернет-алаң иесі есептік айдан кейінгі айдың 5-інен (бесінен) кешіктірмей Комитетке Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді (бұдан әрі - Мәліметтер), осы бұйрықтың 1-қосымшасы на сәйкес нысан бойынша ұсынады.

    Мәліметтер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі. Егер тауарлар мен қызметтердің өткізілуі, сондай-ақ төлемдер шетел валютасында жүзеге асырылған болса, мұндай сатылым мен төлемнің сомасы өткізу және (немесе) төлем жасалған күнге Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 20-бабының 6-1-тармағына сәйкес уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірлесіп айқындаған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына конвертацияланады.

    4. Мәліметтер Комитетке интеграцияланған салық әкімшілендіру жүйесі (бұдан әрі – ИСӘЖ) техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларды қоспағанда, ИСӘЖ арқылы ұсынылады. ИСӘЖ техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларда Мәліметтер Комитетке қағаз күйінде пошта байланысы арқылы ұсынылады.

    ИСӘЖ техникалық ақаулардың (қателердің) бар екендігі туралы ақпарат Комитеттің сайтында техникалық ақаулардың (қателердің) бар екендігі туралы баспасөз релизін жариялау арқылы расталады.

    ИСӘЖ интеграция орнатылғанға дейін Мәліметтер қағаз түрінде ұсынылады.

    5. Мәліметтер Комитетке қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады және оларды ұйым басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.

    Ұйым басшысы ұсынылған Мәліметтердің дұрыстығы мен уақтылығына жеке жауапты болады.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

    Толтыруға жататын деректер болмаған жағдайда, Мәліметтер нөлдік мәнімен ұсынылады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.