Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/247 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 қосымшадағы:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
12 тармақтың 9), 10) тармақшалары және 14 тармақтың 48), 49) 50) 51) тармақшалары алынып тасталсын.
2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) Мекеменің құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарлауды;
2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі
Д. Сатыбалды
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.