Ырғыз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 117 «Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының «Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 18 наурыздағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8545-04 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы.»;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі бойынша:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы.»;
Көрсетілген шешімінің 1 қосымшасында:
4 – тармағынның 1 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.»;
9 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»;
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы
М. Турымов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.