«Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 208 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық пантеон туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ұлттық пантеон туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Пантеон Астана қаласының аумағында астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында орналасқан.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.