Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 қыркүйек 2025 ж.

    Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кәсіпшілік күш-жігер нормативтері бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Министр

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    20__ жылғы ____________

    № ______________

    бұйрығына қосымша

    Кәсіпшілік күш-жігер нормативтері

    Су ай­ды­ны
    Са­ны*
    қой­ыл­ма­лы аулар­дың
    аулар­дың (та­ста­ма аулар­дың және/неме­се қой­ыл­ма­лы)
    қа­ба­да­лар­дың
    ба­лық­шы­лар­дың
    ке­ме­лер­дің
    қай­ық­тар­дың
    Жай­ық өзе­ні **
    -
    32
    -
    320
    32
    96
    Қи­ғаш өзе­ні **
    -
    28
    -
    280
    28
    84
    Қи­ғаш өзе­ні­нің са­ға­лық ке­ңі­сті­гі
    3525
    -
    8225
    591
    20
    197
    Кас­пий те­ңі­зі Маң­ғы­стау об­лы­сы жа­ға­ла­у­ын­да***
    9504
    61
    609
    821
    61
    411
    Жай­сан кө­лі
    2778
    42****
    -
    817
    84
    283
    Бұқ­тыр­ма су қой­ма­сы
    2925
    11
    -
    528
    11
    231
    Шүл­бі су қой­ма­сы
    848
    10
    -
    182
    -
    71
    Өс­ке­мен су қой­ма­сы
    146
    -
    -
    22
    -
    11
    Шар­да­ра су қой­ма­сы
    892
    22
    -
    266
    22
    89
    Кі­ші Арал те­ңі­зі
    4500
    10
    -
    960
    10
    460
    Сыр­да­рия өзе­ні
    80
    4
    -
    64
    4
    24
    Ала­көл кө­лі
    450
    5
    -
    115
    5
    50
    Са­сық­көл кө­лі
    580
    5
    -
    141
    5
    63
    Қош­қар­көл кө­лі
    90
    1
    -
    23
    1
    10
    Бал­қаш кө­лі
    3600
    54
    -
    684
    108
    180
    Қап­ша­ғай су қой­ма­сы
    1 (бір) ба­лық­шы­ға 15
    1 (бір) учас­ке­ге 10
    -
    1 (бір) ша­қы­рым учас­ке­нің ұзынды­ғы­на***** 2
    1 (бір) учас­ке­ге 10
    1 (бір) ша­қы­рым учас­ке­нің ұзынды­ғы­на***** 2
    Нұ­ра өзе­ні
    1 (бір) ба­лық­шы­ға
    15
    1 (бір) учас­ке­ге
    10
    -
    1 (бір) ша­қы­рым учас­ке­нің ұзынды­ғы­на*****
    2
    -
    1 (бір) ша­қы­рым учас­ке­нің ұзынды­ғы­на*****
    2
    Қа­ныш Сат­па­ев атын­да­ғы ка­нал
    475
    2
    -
    110
    -
    48
    Ескертпелер:
    * Қапшағай су қоймасын есепке алмағанда, кәсіпшілік балық аулауға рұқсат пайдаланушыға осы балық шаруашылығы су айдынына бекітілген кәсіпшілік күш-жігер нормативіне және оған пропорционалды бөлінген квота үлесіне (бөлінген квотаның осы балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде кәсіпшілік балық аулауға арналған жалпы лимитке қатынасы) қарай беріледі.
    Әрбір пайдаланушы үшін кәсіптік күш-жігер нормативін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
    Нкн = Нбекіт x квота/лимит,
    мұндағы:
    Нкн – балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне арналған кәсіпшілік күш-жігер нормативі (балықшылардың, аулардың, жылымдардың, қайықтардың, кемелердің саны) (бірлік);
    Нбекіт – су айдынына бекітілген кәсіпшілік күш-жігер нормативі (бірлік);
    квота – ағымдағы жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсанына дейін пайдаланушыға бөлінген квота (тонна);
    лимит – ағымдағы жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсанына дейін кәсіпшілік балық аулауға бекітілген лимит (тонна);
    ** Жайық және Қиғаш өзендерінің ұйықтық учаскелеріне кәсіпшілік күш-жігер нормативтері жалпы бекітілген нормативтерді ұйықтық учаскелер санына бөлу жолымен белгіленеді (бөлінген квота үлесін есепке алмай);
    *** Маңғыстау облысының жағалауындағы Каспий теңізі үшін «лимит» көрсеткіші майшабақтарды өндіру үшін көзделген көлемдерді есепке алмай, осы акваторияның бекітілген учаскелерінде кәсіпшілік аулауды жүзеге асыратын пайдаланушылар квоталары мен бекітілген учаскелерден тыс теңіздің ашық бөлігінде өндіруді жүргізетін пайдаланушылар квоталарының сомасы ретінде айқындалады;
    **** тек тастама ауларды қолдану;
    *****балық шаруашылығы учаскесінің паспортына сәйкес учаскенің жаға бойынша ұзындығы;

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.