«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 158-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 қыркүйек 2025 ж.

    «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 158-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 158-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34186 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарында:

    2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «9) экспорт алдындағы қаржыландыру - экспорттық келісімшарт бойынша экспорттық тауарларды өндіру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау мақсаттарына айналым қаражатын толықтыру үшін отандық экспорттаушыға шартты банктік салымын ЭКА орналастыруға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен, отандық экспорттаушыға ЭКА қаржыландыруға тиесілі заңды тұлғалар берген кредит;»;

    24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «24. ЭКА екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстанның Даму Банкінде шартты банктік салымды орналастыру арқылы және (немесе) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғаны қаржыландыру арқылы отандық экспорттаушыларға экспорт алдындағы қаржыландыруды ұсынады.».

    2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы

    А. Бижанова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы нарығын реттеу және

    дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.