Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы № 504 бұйрығының 4-тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35569 болып тіркелген), Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген), жан басына шаққандағы тарифтің есептеулерін жүргізсін.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Н. Мұқатов
Ерейментау ауданының
әкімдігінің қаулысына
қосымша
«____»____________2025 жыл №_________________
Бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
|
№
|
Мекеме
түрлері
|
Көрсетілетін қызметті алушының түрлері
|
1 қызмет алушыға
1 күнгі тариф
(тенге)
|
|
|
Кіші түрі
|
Көрсетілетін қызметті алушының жағдайы
|
|||
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1.
|
Үйде қызмет көрсету
|
Қарттар, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар
|
130 адам
|
2168,29
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.