Солтүстік Қазақстан облысының жеке санаттағы азаматтарына қосымша медициналық мақсаттағы бұйымды беру туралы
«Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысында тұратын, онкологиялық аурулармен ауыратын азаматтарға тегін және жеңiлдiк шарттарымен амбулаториялық емделу кезінде медициналық мақсаттағы бұйым - қорғаныш пастасымен құрғатылған бір құрамдық уроқабылдағыш қосымша берілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың XXXХІІ сессиясының төрағасы
В.Мантариди
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы
Қ. Едіресов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.