Панфилов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Панфилов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабы 5 тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Панфилов аудандық мәслихатының «Панфилов аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 10 мамырдағы № 8-4-23 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 181711 болып жарияланған);

    2. Панфилов аудандық мәслихатының «Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 8-4-23 «Панфилов аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 07 тамыздағы № 8-6-36 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 184913 болып жарияланған) шешімдері жойылсын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    Е. Шоқпаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.