Ақжайық ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша, Ақжайық ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық аудан әкімінің «Ақжайық ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 27 қарашадағы № 21 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5415 болып тіркелген) және «Ақжайық ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 21 «Ақжайық ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29779 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық ауданының әкімі
М. Сердалин
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақжайық аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.