Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне олардың айналымдарды жүзеге асыруы мақсатында орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсететін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 қыркүйек 2025 ж.

    Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне олардың айналымдарды жүзеге асыруы мақсатында орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсететін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне олардың айналымдарды жүзеге асыруы мақсатында орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсететін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Министр

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    бұйрығымен бекітілген

    Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне олардың айналымдарды жүзеге асыруы мақсатында орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсететін қызметтердің тізбесі

    Ата­уы
    Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­у­ші ко­ды
    1.
    Жа­ну­ар­лар­ға ар­нал­ған дай­ын азық­тар­ды өн­ді­ру
    10.9
    2.
    Ағаш ыдыс­тар­ды өн­ді­ру
    16.24
    3.
    Бүр­ме­лен­ген қа­тыр­ма қа­ғаз, қа­ғаз және қа­тыр­ма қа­ға­з­дан қап­қо­рап өн­ді­ру
    17.21
    4.
    Қа­ғаз және қа­тыр­ма қа­ға­з­дан бас­қа да бұй­ым­дар өн­ді­ру
    17.29
    5.
    Ты­ңайт­қы­штар және құ­ра­мын­да азот бо­ла­тын қо­с­па­лар өн­ді­ру
    20.15
    6.
    Пе­сти­цид­тер мен бас­қа аг­ро­хи­ми­я­лық өнім­дер­ді өн­ді­ру
    20.20
    7.
    Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған пла­стик ора­у­лар өн­ді­ру
    22.22
    8.
    Же­ңіл ме­тал­дар­дан буып-тү­ю­ге ар­нал­ған ма­те­ри­ал­дар өн­ді­ру
    25.92
    9.
    Ма­ши­на­лар мен жаб­дық­тар­ды жөн­деу
    33.12
    10.
    Элек­тр­лі жаб­дық­тар­ды жөн­деу
    33.14
    11.
    Өзге де жаб­дық­тар­ды жөн­деу
    33.19
    12.
    Өнер­к­ә­сіп­тік тех­ни­ка мен жаб­дық­ты мон­таж­дау
    33.20
    13.
    Су­ды жи­нау, өң­деу және бө­лу
    36.0
    14.
    Кә­різ жүй­е­сі
    37.0
    15.
    Қа­уіп­сіз қал­дық­тар­ды жи­нау
    38.11
    16.
    Қа­уіп­ті қал­дық­тар­ды жи­нау
    38.12
    17.
    Қал­дық­тар­ды өң­деу және жою
    38.2
    18.
    Қал­дық­тар­ды қай­та қал­пы­на кел­ті­ру және жою са­ла­сын­да­ғы өзге де қыз­мет­тер
    39
    19.
    1-са­нат­та­ғы ста­ци­о­нар­лық са­уда объ­ек­ті­ле­рін қо­с­па­ған­да, тұр­ғын емес ғи­ма­рат­тар­дың құ­ры­лы­сы
    41.20.2
    20.
    Су има­рат­та­ры­ның құ­ры­лы­сы
    42.91
    21.
    Құ­ры­лыс ала­ңын­да­ғы дай­ын­дық жұ­мыста­ры
    43.12
    22.
    Элек­тро­тех­ни­ка­лық, сле­сар­лық және өзге де құ­ры­лыс-мон­таж жұ­мыста­ры
    43.2
    23.
    Әр­леу жұ­мыста­ры
    43.3
    24.
    Өзге де ма­ман­дан­ды­ры­л­ған құ­ры­лыс жұ­мыста­ры
    43.9
    25.
    Кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет­тер көр­се­ту және олар­ды жөн­деу
    45.2
    26.
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ши­кі­за­тын, ті­рі мал, то­қы­ма ши­кі­за­ты мен жар­ты­лай фаб­ри­кат­тар­ды са­ту жө­нін­де­гі агент­тер­дің қыз­ме­ті
    46.11
    27.
    Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен жүк та­сы­мал­дау
    49.41
    28.
    Жүк­тер­ді қой­ма­ға қою және сақ­тау
    52.10
    29.
    Та­сы­мал­дау ке­зін­де­гі қо­сал­қы қыз­мет түр­ле­рі
    52.2
    30.
    Ақ­па­рат­тық қыз­мет­тер­дің жұ­мысы
    63
    31.
    Тех­ни­ка­лық сы­нақ­тар мен тал­да­у­лар
    71.20
    32.
    Бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да жар­на­ма бе­ру
    73.12
    33.
    Ве­те­ри­нар­лық қыз­мет
    75
    34.
    Жүк кө­лік­те­рін жал­ға алу және жал­ға бе­ру
    77.12
    35.
    Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сы мен жаб­дық­та­рын жал­ға алу және жал­ға бе­ру
    77.31
    36.
    Аза­мат­тық объ­ек­ті­лер­дің құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған құ­ры­лыс тех­ни­ка­сы мен жаб­дық­тар­ды жал­ға алу және жал­ға бе­ру
    77.32
    37.
    Бас­қа са­нат­тар­ға ен­гі­зіл­ме­ген бі­лім бе­ру­дің өзге де түр­ле­рі
    85.59.9
    38.
    Ком­пью­тер­лер мен шет­ке­рі жаб­дық­тар­ды жөн­деу
    95.11
    39.
    Ком­му­ни­ка­ци­я­лық жаб­дық­тар­ды жөн­деу
    95.12

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.