Жаңадария ауылындағы «Тұрғын үй-91» көшесін «Құмқала» атымен қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қыркүйек 2025 ж.

    Жаңадария ауылындағы «Тұрғын үй-91» көшесін «Құмқала» атымен қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 қорытындысы негізінде Жаңадария ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округінің Жаңадария ауылындағы «Тұрғын үй-91» көшесі «Құмқала» атымен қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жаңадария ауылдық округінің әкімі

    Р. Ақпанбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.