Егіндікөл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтары жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 қыркүйек 2025 ж.

    Егіндікөл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтары жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Егіндікөл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтары жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.

    2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы

    Қ. Шынтеміров

    Егіндікөл аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 12 қыркүйек

    № 8С33-5 шешіміне

    қосымша

    Егіндікөл ауданыны бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Атауы
    Жылына 1-ші тұрғынға жинақтау нормасы, м3
    Есептік бірлігі
    ҚТҚ қызметтердің құны
    (ҚҚС-сыз тенге)
    Барлығы (ҚҚС-сыз тенге)
    Жинау және тасымалдау
    Көму
    Сұрыптау
    Жайлы үйлер
    1,86
    Бір тұрғынға айына
    465
    111,6
    -
    576,6
    Жайлы емес үйлер
    1,88
    470
    112,8
    -
    582,8
    Заңды және жеке тұлғалар үшін бірлікке (көлемге) жылдық тариф
    -
    1 м3
    3000
    720
    -
    3720

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.