Денисов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 218 «Денисов ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу Қағидасын бекіту туралы» қаулысының күші жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 қыркүйек 2025 ж.

    Денисов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 218 «Денисов ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу Қағидасын бекіту туралы» қаулысының күші жою туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Денисов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 218 «Денисов ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу Қағидасын бекіту туралы» қаулысының күші жойылсын.

    2. «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

    Денисов ауданы әкімінің міндетін атқарушы

    С. Жангабулов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.