Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 4/4 «Аршалы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша халық үшін тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 4/4 «Аршалы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша халық үшін тарифтерді бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы
А. Балташев
Аршалы ауданы мәслихаттың
2025 жылғы 1 тамыздағы
№ 39/2 шешіміне қосымша
Аршалы ауданы мәслихаттың
2023 жылғы 18 шілдедегі
№ 4/4 шешіміне қосымша
Аршалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша тарифтер
|
Атауы
|
Есептік бірлік
|
Теңге (қосылған құн салығынсыз)
|
|
Жайластырылған және жайластырылмаған тұрғын үйлер
|
Айына 1 тұрғыннан
|
223,86
|
|
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф
|
1 м3
|
1 310,42
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.