Жария сервитутты белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 қыркүйек 2025 ж.

    Жария сервитутты белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес «MIRAS MINERALS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 933,1159 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2027 жылдың 2 ақпанына дейін жария сервитут белгіленсін.

    2. Осы қаулының 2-қосымшасы на сәйкес «MIRAS MINERALS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 933,697 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2028 жылдың 21 қаңтарына дейін жария сервитут белгіленсін.

    3. «MIRAS MINERALS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

    4. «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің міндетін атқарушы

    А.Капашев

    Ақтоғай ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 16 қыркүйектегі

    № 62/03 қаулысына 1-қосымша

    «MIRAS MINERALS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    р/с №
    Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
    Кадастрлық нөмірі
    Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар
    1
    Нурымханов Жанбота Нурымханулы
    09-102-040-1630
    133,9891
    2
    Жумабекова Айман Абзаловна
    09-102-040-1564
    653,0371
    3
    «Азамат-К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    09-102-025-218
    146,0897

    Ақтоғай ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 16 қыркүйектегі

    № 62/03 қаулысына 2-қосымша

    «MIRAS MINERALS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    р/с №
    Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
    Кадастрлық нөмірі
    Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар
    1
    Нурымханов Жанбота Нурымханулы
    09-102-040-1630
    443,088
    2
    Жумабекова Айман Абзаловна
    09-102-040-1564
    490,609

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.