«Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қыркүйек 2025 ж.

    «Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы»;

    аталған бұйрықпен бекітілген адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларында:

    2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру.

    Бұл ретте жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру бір өтініш берушіге екі сағаттан аспайтын көлемде төленеді. Бір күнтізбелік күнде жалпы төленетін уақыт сегіз сағаттан аспайды;»;

    3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру.

    Бұл ретте жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру бір өтініш берушіге екі сағаттан аспайтын көлемде төленеді. Бір күнтізбелік күнде жалпы төленетін уақыт сегіз сағаттан аспайды;»;

    5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Өтініш заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге байланысты жағдайларда қағаз форматта жасалады.

    Өтініш осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттардың бірі шығарылған және (немесе) қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде аумақтық әділет органына жолданады.

    Осы тармақтың екінші абзацында көзделген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер төленуге жатпайды.

    Өтініш беру мерзімі адвокаттың еңбекке жарамсыздығы (ауруы) немесе еңсерілмейтін күштің әсері болған кезеңінде үзілуі мүмкін.

    Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

    1) Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу тізілім негізінде жасақталған адвокаттың құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы актілер, оларда:

    адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

    тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың деректері нөмірі, сериясы (бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер;

    ауызша немесе жазбаша берілген қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты заң консультацияларының саны;

    құқықтық сипатта жасалған жазбаша құжаттардың саны;

    заң көмегі көрсетілген сағаттың, минуттың жалпы саны;

    адвокаттың қолтаңбасы көрсетіледі;

    тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның қолы;

    «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы 114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10420 болып тіркелген) бекітілген құжаттар актіге қоса беріледі;

    2) қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттілік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамадардың) қаулылары, азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша соттардың ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберінде адвокаттар тағайындау туралы қаулылары;

    3) қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) қаулылары, сондай-ақ заң көмегіне мұқтаж адамдарды оған ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы азаматтық істерді қарауға уәкілеттік берілген соттардың ұйғарымдары, оларда:

    қаулы шығарған тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

    істің атауы, қаулының шығарылған күні;

    қорғау және өкілдік етумен, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мен заң көмегі үшін ақы төлеуден босатылған тұлға туралы деректер;

    күдікті немесе айыпты тұлғаның жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың бабы мен категориясы;

    тұлға күдіктенетін немесе айып тағылатын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы және қылмыстық құқық бұзушылықтың санаты, немесе тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейтін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің бабы;

    қылмыстық іс бойынша тыйым салу шарасы немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шарасы (әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік тұтқындау не әкелу бойынша хаттаманы жасау орнына жеткізу);

    күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, құқық бұзушының әрекеті өзгертілген күн;

    заң көмегін көрсету және қорғау мен өкілдік етумен, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуден және төлеуден босату негіздері;

    адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні;

    адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;

    адвокаттың қатысуымен тағайындалған процессуалдық іс-әрекеттің басталуын күту немесе процессуалдық әрекеттер кейін қалдырылған жағдайда оны кейінге қалдыру (егер осындай дәйектер орын алса) уақытының ұзақтығы, күнін, уақытын көрсетумен;

    сот отырысын кейінге қалдырған жағдайда сот отырысының басталуын немесе жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (егер осындай дәйектер орын алса);

    адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;

    қылмыстық немесе азаматтық істердің, немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен, соның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны тұтқындау хаттамасымен, тыйым салу шараларын қолдану туралы хаттамамен, қорғаушы мен оның қорғалушысының қатысуымен жүргізілген процессуалдық іс-әрекеттердің хаттамасымен, қорғалушысына ұсынылған немесе ұсынылуы тиіс болған құжаттармен, сонымен қатар сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;

    адвокаттың қорғалушысын қорғау бағыты және іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша консультация беру уақытының ұзақтығы;

    процессуалдық келісімге отыру туралы мәселені талқылау уақытының ұзақтығы, адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, процессуалдық келісімдер, медиация тәртібінде келісімге келу туралы келісімдер, анықтаушы, тергеуші, прокурор және соттың әрекеттері (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға шағымдар, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға қарсылықтар, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге, азаматтық талапқа (талап арызға) пікір (қарсылық) қорғалушыны қорғау және мүдделері үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылық келтіру уақытының ұзақтығы;

    адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуымен байланысты іссапар жұмыс күндерінің саны;

    адвокаттың аты, жөні (бар болса), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі;

    4) азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша судьялардың немесе соттардың ұйғарымы, заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізумен байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары туралы конституциялық іс жүргізу шеңберіндегі ұйғарымдары, оларда:

    соттың атауы, ұйғарым немесе қаулыны шығарған судьяның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

    істің атауы, қарау орны және күні;

    заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

    заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;

    адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні;

    адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;

    адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;

    адвокат қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;

    сот отырысының басталуын немесе сот отырысы кейінге қалдырылған жағдайда оның жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (фактілер болған жағдайда);

    адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа да арыздарға пікірлерге (қарсылықтарға), апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға қарсылық білдіруге, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру уақытының ұзақтығы;

    адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;

    адвокаттың аты, жөні (бар болса), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі;

    5) ішкі істер органдарының тергеу изоляторының, уақытша ұстау изоляторларының немесе арнайы қабылдағыштарының анықтамалары, оларда:

    қамауға алынған күдіктімен немесе айыпталушымен не әкімшілік ұстауға, алып келуге, ішкі істер органына (полицияға) әкелуге тартылған тұлғамен кездесу кезінде адвокаттың жұмыс істеу уақыты;

    6) осы қағидалардың 5-тармағының төртінші абзацында көзделген жағдайда адвокаттың еңбекке жарамсыздығын (ауруы) немесе еңсерілмейтін күштің әсері болған растайтын құжаттар.»;

    11-тармақ алып тасталсын;

    15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «15. Заң консультанттың өтініші заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге байланысты жағдайларда қағаз форматта жасалады.

    Заң консультанттың өтініші осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттардың бірі шығарылған және (немесе) қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде аумақтық әділет органына жолданады.

    Осы тармақтың екінші абзацында көзделген мерзімнен кейін жіберілген заң консультанттың өтініштері төленуге жатпайды.

    Заң консультантының өтініш беру мерзімі заң консультантының еңбекке жарамсыздығы (ауруы) немесе еңсерілмейтін күштің әсері болған кезеңінде үзілуі мүмкін.

    Заң консультанттың өтінішіне келесі құжаттар қоса беріледі:

    1) заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тізілімі негізінде жасақталған заң консультантының құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы актілер, оларда:

    заң консультанттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

    тегін заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың деректері нөмірі, сериясы (бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер;

    ауызша немесе жазбаша берілген қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізумен байланысты заң консультацияларының саны;

    құқықтық сипатта жасалған жазбаша құжаттардың саны;

    заң көмегі көрсетілген сағаттың, минуттың жалпы саны;

    заң консультанттың қолтаңбасы;

    заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның қолтаңбасы көрсетіледі;

    «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы 114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10420 болып тіркелген) бекітілген құжаттар актіге қоса беріледі;

    2) азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша заң консультантын тағайындау туралы соттардың ұйғарымдары, соңдай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіңдегі заң консультантты тағайындау туралы қаулылары;

    3) азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша судьялардың немесе соттардың заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы, соңдай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіңдегі туралы ұйғарымдары, оларда:

    соттың атауы, ұйғарым немесе қаулыны шығарған судьяның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

    істің атауы, қарау орны және күні;

    заң консультантының өкілеттігін растайтын қорғауға (өкілдікке) қатысты жазбаша сенімхаттың нөмірі мен күні;

    заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізумен байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

    заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізумен байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;

    заң консультанты қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;

    заң консультанттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;

    заң консультанты қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;

    сот отырысының басталуын немесе сот отырысы кейінге қалдырылған жағдайда оның жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (фактілер болған жағдайда);

    адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа да арыздарға пікірлерге (қарсылықтарға), апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға қарсылық білдіруге, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру уақытының ұзақтығы;

    заң консультанттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;

    заң консультанттың аты, жөні (бар болса), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі;

    4) осы қағидалардың 15-тармағының төртінші абзацында көзделген жағдайда заң консультанттың еңбекке жарамсыздығын (ауруы) немесе еңсерілмейтін күштің әсері болған растайтын құжаттар.»;

    20-тармақ алып тасталсын;

    Адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрі

    Е. Сарсембаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бас прокуратурасы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жоғарғы Соты

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ішкі істер министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2025 жылғы 15 қыркүйектегі

    № 507

    бұйрығына қосымша

    Адвокат, заң консультанты

    көрсететін, мемлекет кепілдік

    берген заң көмегіне ақы төлеу

    және құқықтық консультация

    беруге, қорғауға және өкілдік

    етуге, сондай-ақ татуластыру

    рәсімдерін жүргізуге

    байланысты шығыстарды

    өтеу Қағидаларына

    1-қосымша

    АДВОКАТТЫҢ ӨТІНІШІ

    _________ жылғы бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдікетуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы

    ___________________________

    (адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    Ад­во­кат­пен көр­се­ті­ле­тін заң кө­ме­гі­нің түр­ле­рі
    Заң кө­ме­гін ал­ған тұ­лға­лар­дың са­ны
    Қа­улы­лар са­ны
    Са­ғат­тар,ми­нут­тар са­ны
    Тө­лем со­ма­сы
    Төлем­нің жал­пы со­ма­сы
    1.
    Құқық­тық кон­суль­та­ция тү­рін­де заң кө­ме­гін көр­се­ту
     
     
     
     
     
     
    2.
    Қыл­мыстық іс­тер­дің сот­қа дей­ін­гі са­ты­сын­да қор­ға­лу­ға құқы­ғы бар ку­әнің, кү­дік­ті­нің, ай­ып­кер­дің қор­ғау­шы­сы ре­т­ін­де заң кө­ме­гін көр­се­ту
    Аса ауыр қыл­мыстық құқық бұ­зы­лу­шы­лық­тар бой­ын­ша
     
     
     
     
     
    Ауыр қыл­мыстық құқық бұ­зы­лу­шы­лық­тар бой­ын­ша
     
     
     
     
    Ауыр емес және ауыр­лы­ғы ор­та­ша қыл­мыстық құқық бұ­зы­лу­шы­лық­тар бой­ын­ша
     
     
     
     
    3.
    Қыл­мыстық іс­тер­дің сот­қа дей­ін­гі са­ты­сын­да жә­бір­ле­ну­ші­нің өкі­лі ре­т­ін­де заң кө­ме­гін көр­се­ту
    Аса ауыр қыл­мыстық құқық бұ­зы­лу­шы­лық­тар бой­ын­ша
     
     
     
     
     
    Ауыр қыл­мыстық құқық бұ­зы­лу­шы­лық­тар бой­ын­ша
     
     
     
     
    Ауыр емес және ауыр­лы­ғы ор­та­ша қыл­мыстық құқық бұ­зы­лу­шы­лық­тар бой­ын­ша
     
     
     
     
    4.
    Сот­тар­да қыл­мыстық іс­тер бой­ын­ша ай­ып­та­лушы­ның, сот­та­лушы­ның қор­ғау­шы­сы ре­т­ін­де заң кө­ме­гін көр­се­ту
    Аса ауыр қыл­мыстық құқық бұ­зы­лу­шы­лық­тар бой­ын­ша
     
     
     
     
     
    Ауыр қыл­мыстық құқық бұ­зы­лу­шы­лық­тар бой­ын­ша
     
     
     
     
    Ауыр емес және ауыр­лы­ғы ор­та­ша қыл­мыстық құқық бұ­зы­лу­шы­лық­тар бой­ын­ша
     
     
     
     
    5.
    Сот­тар­да қыл­мыстық іс­тер бой­ын­ша жә­бір­ле­ну­ші­нің өкі­лі ре­т­ін­де заң кө­ме­гін көр­се­ту
    Аса ауыр қыл­мыстық құқық бұ­зы­лу­шы­лық­тар бой­ын­ша
     
     
     
     
     
    Ауыр қыл­мыстық құқық бұ­зы­лу­шы­лық­тар бой­ын­ша
     
     
     
     
    Ауыр емес және ауыр­лы­ғы ор­та­ша қыл­мыстық құқық бұ­зы­лу­шы­лық­тар бой­ын­ша
     
     
     
     
    6.
    Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс­те­рі бой­ын­ша заң кө­ме­гін көр­се­ту
     
     
     
     
     
    7.
    Аза­мат­тық іс­тер бой­ын­ша заң кө­ме­гін көр­се­ту
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Аза­мат­тық про­це­стік ко­дек­сі­нің 112-ба­бы
     
     
     
     
     
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Аза­мат­тық про­це­стік ко­дек­сі­нің 325-ба­бы
     
     
     
     
    8.
    Әкім­ші­лік іс­тер бой­ын­ша заң кө­ме­гін көр­се­ту
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әкім­ші­лік рә­сім­дік-про­це­стік ко­дек­сі­нің 26-ба­бы
     
     
     
     
     
    9.
    Кон­сти­ту­ци­я­лық іс жүр­гі­зу бой­ын­ша заң кө­ме­гін көр­се­ту
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық Со­ты ту­ра­лы Кон­сти­ту­ци­я­лық За­ңы 41-ба­бы
     
     
     
     
     
    10.
    Бар­лы­ғы
     
     
     
     
     
    11.
    Құқық­тық кон­суль­та­ция бе­ру­ге, қор­ғау­ға және өкіл­дік ету­ге, сон­дай-ақ та­ту­ла­сты­ру рә­сім­де­рін жүр­гізу­ге
    Іс­са­пар­дың жал­пы са­ны
    Іс­са­пар күн­де­рі­нің жал­пы са­ны
    Өте­у­ге жа­та­тын іс­са­пар шы­ғын­да­ры­ның со­ма­сы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.