«Меркі ауданы бюджетінен қаржыландырылатын Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Меркі медиа орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қыркүйек 2025 ж.

    «Меркі ауданы бюджетінен қаржыландырылатын Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Меркі медиа орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

    «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, Меркі ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Меркі медиа орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемеақысы 60% пайыз көлемінде белгіленсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Меркі аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Көкрекбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.