«Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы» Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 258 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 қыркүйек 2025 ж.

    «Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы» Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 258 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Амангелді ауданы әкімдігінің «Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы» 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 258 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. «Амангелді ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

    2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Қ. Кеделбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.