Қаратал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Қаратал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабы 5 тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қаратал аудандық мәслихатының «Қаратал аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 15 мамырдағы №6-21 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде №181682 болып жарияланған);

    2. Қаратал аудандық мәслихатының «Қаратал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 мамырдағы №6-21 «Қаратал аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 9 тамыздағы №8-30 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде №184908 болып жарияланған) шешімдері жойылсын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қаратал аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Әкімжанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.