Көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы қорытындысы негізінде, Атырау ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы Атырау ауылдық округінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Қызыл балық ауылында:
№ 13 көшесіне - Ғарифолла Харесов көшесі.
2) Жаңаталап ауылында:
№ 14 көшесіне - Нұриден Мұфтақов көшесі;
№ 15 көшесіне - Жолдаспай Нұрмағамбетов көшесі;
№ 16 көшесіне - Қабдол Досақов көшесі;
№ 19 көшесіне - Қажен Зайров көшесі;
№ 22 көшесіне - Нұруа Әбуталиева көшесі;
№ 23 көшесіне - Ахмет Шарапиев көшесі;
№ 24 көшесіне - Нәсен Қойбақов көшесі;
№ 25 көшесіне - Қазихан Қабдел көшесі;
№ 26 көшесіне - Аяп Көшмұханов көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау ауылдық округінің әкімі
Н. Халмурзин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.