Еңбекші ауылдық округінің көшелеріне атаулар беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы қорытындысы негізінде және Еңбекші ауылдық округ тұрғындарының пікірін ескеріп, Еңбекші ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекші ауылдық округі Жұмекен ауылының келесі көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 көшеге - Сахып Бірғалиев есімі;
№ 2 көшеге - Мұхлес Сәбекеев есімі;
№ 3 көшеге - Ораз Бөлеков есімі;
№ 4 көшеге - Зағи Темірғалиев есімі;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Ж. Хамзин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.