Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қыркүйек 2025 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қауылының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы, босалқы жер қорынан жалпы көлемі 678,9819 гектар жер учаскесін «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына «Жетібай –Қазақ Газ Өңдеу зауытының газ құбырларының дәлізін орнату үшін» жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. «Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

    2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    С.Төретаев

    Қарақия ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «02»қыркүйектегі

    № 158 қаулысына қосымша

    Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

    Қауымдық сервитут
    белгіленетін жер учаскелері
    Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскесінің көлемі (га), кадастрлық нөмірі
    1
    А.Қартбай шаруа қожалығының жері
    2,1061
    13-197-017-278
    2
    «КазТрансОйл» АҚ жері
    27,0027
    13-197-023-074
    3
    К.Сариев жері
    2,5958
    13-197-017-065
    4
    Т.Кошаканов жері
    0,9658
    13-197-017-974
    5
    К.Салиханов жері
    18,6461
    13-197-014-417
    6
    Д.Жеткызген жері
    12,5358
    13-197-017-087
    7
    И.Наукыбаев жері
    11,3732
    13-197-017-448
    8
    А.Еламанов жері
    59,7819
    13-197-017-217
    9
    Ж.Мырзакулов жері
    29,4826
    13-197-017-515
    10
    Ж.Мырзакулов жері
    70,5185
    13-197-017-514
    11
    Қарақия ауданы, босалқы жер қоры жері
    443,9734
    Барлығы
    678,9819

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.