Жария сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қыркүйек 2025 ж.

    Жария сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарақия ауданы жерінен көлемі 9,3130 гектар, оның ішінде жайылымы 5,1022 жер учаскесі «KMG Barlau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне № NO-4 ұңғымасына апаратын автокөлік (далалық) жолы үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 1 (бір) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

    2. «Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

    2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    С.Төретаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.