Қайыршақты ауылдық округі көшелеріне атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 қыркүйек 2025 ж.

    Қайыршақты ауылдық округі көшелеріне атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 2 қорытындысы негізінде және Қайыршақты ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

    1. Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің атауы жоқ көшелеріне:

    1) Ақсай ауылында:

    № 1 көшеге – Бабашев Зубайр көшесі;

    2) «Жұлдыз -3» шағын ауданында:

    № 4 көшеге – Бақтыгереев Арыстанғали көшесі деп атау берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қайыршақты ауылдық округінің әкімі

    Р. Жолдиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.