2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қыркүйек 2025 ж.

    2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Алға аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.

    2. «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А. Шүйіншалиев

    Алға әкімдігінің

    2025 жылғы «10» қыркүйек

    № 252 қаулысына қосымша

    1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф

    Мекемелердің түрлері
    Қызмет алушылардың түрлері
    Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге)
    Кі­ші тү­рі
    Қыз­мет алушы­ның жағ­дайы
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Жар­ты­лай ста­ци­о­нар
    Он се­гіз жастан ас­қан тұ­лға­лар­ға ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру
    Жа­сы ұл­ғай­ған­дық­тан өзін-өзі кү­ту­ге қа­бі­лет­сіз адам­дар
    5819,98
    2.
    Үй­де қыз­мет көр­се­ту
    1280,86

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.