Көшелерге қайта атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 қыркүйек 2025 ж.

    Көшелерге қайта атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы қорытындылары негізінде және Кеңөзек ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округінің келесідей көшелеріне қайта атау берілсін:

    1) Кеңөзек ауылдық округінің «Қайнар» шағын ауданындағы № 33 көшесі – «Қуаныш Байтуғанов» көшесі;

    2) Кеңөзек ауылдық округінің «Қайнар» шағын ауданындағы № 21 көшесі – «Маку Санкибаев» көшесі.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Кеңөзек ауылдық округінің әкімі

    Е. Өтешқалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.