Ақтөбе облысы бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қыркүйек 2025 ж.

    Ақтөбе облысы бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағы 8) тармақшасына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

    2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Ақтөбе облысының әкімі

    А. Шахаров

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 11 қыркүйектегі

    № 178 қаулысына қосымша

    Ақтөбе облысы бойынша жергілікті бюджет есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Білім беру саласының коды және сыныпталуы
    Жоғары білім берудің даярлау бағытының коды және атауы
    2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі
    Оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (теңге)
    ерекше мәр­те­бе­сі бар жо­ға­ры бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
    бас­қа жо­ға­ры бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
    1
    Бакалавр
    6B01 Педагогикалық ғылымдар
    6В015 Жа­ра­ты­лы­ста­ну пән­де­рі бой­ын­ша мұ­ға­лім­дер да­яр­лау
    12
    1 139 200
    1 008 100
    6B014 Жал­пы да­му­дың пән­дік ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мұ­ға­лім­де­рін да­яр­лау
    4
    1 139 200
    1 008 100
    2
    Ба­ка­лавр
    6B02 Өнер және гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым­дар
    6В021 Өнер
    15
    1 209 300
    1 055 900
    3
    Бакалавр
    6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
    6B071 Ин­же­не­рия және ин­же­нер­лік іс
    4
    905 800
    803 900
    6B073 Сәу­лет және құ­ры­лыс
    2
    905 800
    803 900
    4
    Ба­ка­лавр
    6B08 Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы және био­ре­сур­стар
    6В084 Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1
    933 600
    831 800
    5
    Ба­ка­лавр
    6B09 Ве­те­ри­на­рия
    6B091 Ве­те­ри­на­рия
    2
    1 242 600
    1 089 300
    Бар­лы­ғы:
    40
    -
    -

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.