Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 11 қыркүйек 2025 ж.
Аққыстау ауылдық округінің көшесіне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Аққыстау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққыстау ауылдық округінің 17 жол айрығындағы атауы жоқ № 1 көшеге «Ибат Каримов» атауы берілсін.
Негіз: Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы қорытындысы, Аққыстау ауылдық округі тұрғындарының пікірі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Е. Махашов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.