Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округіндегі бірқатар көшелерге атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 қыркүйек 2025 ж.

    Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округіндегі бірқатар көшелерге атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талсуат ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 қорытындысы негізінде Талсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округіндегі келесі көшелерге:

    1) атауы жоқ көшеге Пірімжан Дүйсенбаевтың есімі;

    2) атауы жоқ көшеге Сәду Нұрпейісовтің есімі;

    3) атауы жоқ көшеге Құдайберген Ахметовтің есімі;

    4) атауы жоқ көшеге Әділбек Дөненбаевтың есімі берілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Әкім

    Е. Бейсенбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.