Алматы облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 тамыз 2025 ж.

    Алматы облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Алматы облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсің.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.  

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Қ. Байғоджаев

    Алматы облыстық

    мәслихатының 2025 жылғы

    27 тамыздағы № 40-221

    шешімнің қосымшасы

    Алматы облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын өтеу

    1. Алматы облысында өрт сөндіру кезінде ауыз суды пайдаланғаны үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарының шығындарын өтеу тәртібі

    2. Өртті сөндіру барысында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері пайдаланған ауыз су үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарының шығындарын өтейтін төлеуші – Алматы облысының облыстық бюджеті болып белгіленсін.

    Өтемақы келесі жағдайларда пайдаланылған ауыз суға байланысты шығындарды қамтиды:

    өрт сөндіруге арналған гидранттармен жабдықталған сыртқы су құбыры желілері арқылы;

    сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарының балансындағы жасанды су көздері (резервуарлар) арқылы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы №405 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 52-тармағына сәйкес.

    3. Шығындар өтемақысы міндетті түрде жүзеге асырылады және:

    пайдаланылған ауыз су көлеміне;

    өрт сөндіру жүргізілген аумақ бойынша белгіленген сумен жабдықтау тарифіне сәйкес есептеледі.

    4. Пайдаланылған ауыз су көлемі Алматы облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органынан уәкілетті сумен жабдықтау органына ұсынылатын хабарлама негізінде айқындалады. Хабарламада төмендегі мәліметтердің бірі, бірнешеуі немесе барлығы көрсетілуі мүмкін:

    бір мезгілде орын алған өрттер саны (Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес);

    резервуарлардан сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау қолданылғаны туралы ақпарат;

    тұрғын және қоғамдық ғимараттар бойынша — Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес (өрт қауіпсіздігі класы, қабат саны, көлем және т.б.);

    өндірістік және қоймалық бір-екі қабатты ғимараттар бойынша — 5-қосымшаға сәйкес (өртке төзімділік дәрежесі, жарылыс-өрт қауіптілік санаты, өрт аумағының ені, ғимарат көлемі және т.б.);

    пайдаланылған гидранттар мен (немесе) резервуарлар саны;

    есептеулер үшін қажетті өзге де мәліметтер.

    5. Топтық су құбыры арқылы өртке қарсы су көлемін қалпына келтіруге жұмсалатын су шығыны Регламентте белгіленген нормаларға сәйкес айқындалады.

    6. Уәкілетті сумен жабдықтау органы хабарламалар негізінде өтемақы сомасын есептейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджет өтінімін қалыптастырады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.