«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қыркүйек 2025 ж.

    «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларында:

    21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «21. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден, оның ішінде форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады. Егер өндіруші өнімді өткізуді тікелей жүзеге асырмаса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме сауда жеткізушілерінен (дистрибьютерлерден), сондай-ақ мамандандырылған ұйымнан сатып алу жүзеге асырылады.»;

    көрсетілген Үлгілік қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Сауда және интеграция

    министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігі

    Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика

    министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2025 жылғы 10 қыркүйектегі

    № 288

    бұйрығына қосымша

    Әлеуметтік маңызы бар

    азық-түлік тауарларына бағаларды

    тұрақтандыру тетіктерін

    іске асырудың үлгілік

    қағидаларына

    қосымша

    Нысан

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ӘМАТ нысаны

    Кезеңділік: апта сайын

    Есепті кезең: 20___жылғы_________

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

    мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын сәрсенбі күндері;

    облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне апта сайын бейсенбі күндері

    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    Жинау әдіс: электрондық түрде

    Та­у­ар­дың ата­уы
    Са­ты­лып алын­ған та­у­ар­лар
    ті­ке­лей
    фор­вард­тық шар­ттар мен оф­тейк-ке­лі­сім­шар­ттар шең­бе­рін­де
    бе­рі­л­ген қары­здар бой­ын­ша
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер және қай­та өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры
    азық-тү­лік та­у­ар­ла­рын са­ту­ға ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кө­тер­ме жет­кі­зу­ші­лер (дис­три­бью­тор­лар)
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер және қай­та өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры
    азық-тү­лік та­у­ар­ла­рын са­ту­ға ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кө­тер­ме жет­кі­зу­ші­лер (дис­три­бью­тор­лар)
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер және қай­та өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры
    азық-тү­лік та­у­ар­ла­рын өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі
    ттон­на
    мың тең­ге
    ттон­на
    мың тең­ге
    ттон­на
    мың тең­ге
    ттон­на
    мың тең­ге
    ттон­на
    мың тең­ге
    ттон­на
    мың тең­ге
    11
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    1
    Сиыр еті
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    2
    Қа­ра­құ­мық жар­ма­сы
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    3
    Орам­жа­пы­рақ
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    4
    Кар­топ
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    5
    Ай­ран
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    6
    Ба­сты пи­яз
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    77
    Тү­тік кес­пе
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    8
    8
    Күн­ба­ғыс майы
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    89
    Са­ры май
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    10
    Сүт
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    1
    11
    Ас­ха­на­лық сә­біз
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    112
    Би­дай ұны
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    13
    Та­уық еті
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    14
    Кү­ріш
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    15
    Құм­ше­кер
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    16
    Тұз
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    17
    Ірім­шік
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    18
    Нан
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    19
    Та­уық жұ­мырт­қа­сы, мың да­на
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    Жал­пы қо­ры­тын­ды, та­уық жұ­мырт­қа­сы мен нан­ды қо­с­па­ған­да
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    кестенің жалғасы
    Бар та­у­ар­лар
    Өт­кі­зі­л­ген
    кө­лем
    Қал­дық
    тұ­рақ­тан­ды­ру қор­ла­рын­да­ғы
    фор­вард­тық шар­ттар мен оф­тейк-ке­лі­сім­шар­ттар шең­бе­рін­де
    бе­рі­л­ген қары­здар бой­ын­ша
    тон­на
    мың тең­ге
    тон­на
    мың тең­ге
    тон­на
    мың тең­ге
    өт­кі­зу ор­ны
    тон­на
    мың тең­ге
    тон­на
    мың тең­ге
    9
    10
    11
    12
    13
    Атауы: ____________________________________
    Мекенжайы ____________________________________________
    Телефоны __________________________________________
    Электрондық почтасы_ __________________________
    Орындаушы ______________________________________
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам:
    ______________________________________ __________________________
    аты және әкесінің аты (бар болса), тегі (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
    Күні: 20___ жылғы «____» _________
    Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз

    негізде жинауға арналған

    «Әлеуметтік маңызы бар

    азық-түлік тауарларына бағаларды

    тұрақтандыру тетіктерін іске

    асыру барысы туралы ақпарат»

    нысанына қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсініктеме

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады.

    3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

    4. Нысанды:

    мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына апта сайын сәрсенбі күндері;

    облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне апта сайын бейсенбі күндері ұсынады.

    5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

    6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

    7. Нысанның 2-бағанында тауардың атауы көрсетіледі.

    8. Нысанның 3-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және қайта өңдеу кәсіпорындарынан тікелей сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    9. Нысанның 4-бағанында азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) тікелей сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    10. Нысанның 5-бағанында форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және қайта өңдеу кәсіпорындарынан сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    11. Нысанның 6-бағанында форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар шеңберінде азық-түлік тауарларын сатуға мамандандырылған көтерме жеткізушілерден (дистрибьюторлардан) сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    12. Нысанның 7-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына берілген қарыздар бойынша сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    13. Нысанның 8-бағанында азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздар бойынша сатып алынған тауарлардың көлемі мен сомасы тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    14. Нысанның 9-бағанында тұрақтандыру қорларында бар тауарлардың саны, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    15. Нысанның 10-бағанында форвардтық шарттар мен оффтейк-келісімшарттар шеңберінде бар тауарлардың саны тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    16. Нысанның 11-бағанында берілген қарыздар бойынша қолда бар тауарлардың саны тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    17. Нысанның 12-бағанында өткізілген көлем, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    18. Нысанның 13-бағанында қалдық, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.