Тереңөзек кентінің көшелеріне атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қыркүйек 2025 ж.

    Тереңөзек кентінің көшелеріне атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тереңөзек кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 26 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысы негізінде Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Тереңөзек кентінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:

    1) Тереңөзек кентінің «Қазақ» көшесі аумағындағы 1-көшеге «Әлібай Әбдірашев»;

    2) Тереңөзек кентінің «Қазақ» көшесі аумағындағы 2-көшеге «Қуанышбай Досмағанбетов»;

    3) Тереңөзек кентінің «Қазақ» көшесі аумағындағы 3-көшеге «Қайранбай Сманов»;

    4) Тереңөзек кентінің «Қазақ» көшесі аумағындағы 4-көшеге «Айдарбек Талпақов»;

    5) Тереңөзек кентінің «Қазақ» көшесі аумағындағы 5-көшеге «Абдулнапия Жамалов»;

    6) Тереңөзек кентінің «Қазақ» көшесі аумағындағы 6-көшеге «Болат Нұрсейітов»;

    7) Тереңөзек кентінің «Қазақ» көшесі аумағындағы 7-көшеге «Ысмағұл Ережепов».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Кент әкімі

    Е. Бахтияров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.