Песчан ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1-бабына сәйкес, Качир ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 43 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты Качир ауданы Песчан ауылдық округінің Песчан ауылындағы «Песчан асыл тұқымды орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағындағы ауылшаруашылық малдардың лейкозбен ауыру фактісі бойынша шектеу іс-шаралар алынып тасталсын.
2. Песчан ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 10 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4682 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 37 «Тереңкөл тынысы», 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 36 «Заря» газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Песчан ауылдық округінің әкімі
А. Дүйсембаева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.