Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 желтоқсан 2025 ж.

    Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

       "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы №2 қорытындысына сәйкес, Шакен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шәкен ауылдық округі Шәкен ауылындағы Бақытжан Смағұлов көшесімен қиылысатын атауы жоқ көшеге Абибулла Қосболов есімі берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Әкім

    Б. Сарсенбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.