Көшелер мен тұйық көшелерге атау беру және қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қазан 2025 ж.

    Көшелер мен тұйық көшелерге атау беру және қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2025 жылғы 26 тамыздағы қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Әйтеке би кентіндегі келесі көшелеріне:

    1) Ерімбет Көлдебекұлы көшесімен қиылысатын атауы жоқ көшеге «Тәкей Есетовтің» есімі;

    2) Талант Бөріқұлақов көшесімен қиылысатын атауы жоқ көшеге «Әбжами Байшуақовтың» есімі;

    3) Дабыл Бекшеұлы көшесімен қиылысатын атауы жоқ көшеге «Нағымет Ыматтың» есімі;

    4) Әбубәкір Теміровпен қатар жатқан атауы жоқ көшеге «Өмірзақ Ахметовтың» есімі;

    5) 5 кварталдағы Қорқыт ата көшесімен қиылысатын Қани Медетбаев көшесімен қатар жатқан атауы жоқ көшеге «Уснадин Сапаровтың» есімі;

    6) Дабыл Бекшеұлы көшесімен қиылысатын №8 атауы жоқ көшеге «Ізбасқан Ежегеевтің» есімі;

    7) 5 кварталдағы Айдарбек баба көшесімен қатар жатқан атауы жоқ көшеге «Шүкір Оспановтың» есімі;

    8) Дабыл Бекшеұлы көшесімен қиылысатын №5 атауы жоқ көшеге «Данияр Жұпарбаевтың» есімі;

    9) Дабыл Бекшеұлы көшесімен қиылысатын №6 атауы жоқ көшеге «Зәйну Таңжарықовтың» есімі;

    10) 5 кварталдағы Әзімжан Әліпбаев пен Жетес би көшесі аралығындағы атауы жоқ көшеге «Жұмат Рашовтың» есімі;

    11) Дабыл Бекшеұлы көшесімен қиылысатын №7 атауы жоқ көшеге «Садуақас Махашовтың» есімі;

    12) 2 кварталдағы Жеті Ишан көшесімен қиылысатын Құлмұрат Қуатов көшесімен қатар жатқан атауы жоқ көшеге «Қалдан Бештембековтің» есімі;

    13) Әбубәкір Теміровпен қатар жатқан атауы жоқ көшеге «Мағзам Жүрімбетовтің» есімі берілсін.

    2. Әйтеке би кентіндегі келесі көшелері:

    1) «Біржан сал» тұйық көшесі «Белкөл» есімімен;

    2) «Дәстен Оразымбетов-1» көшесі «Айнакөл» есімімен қайта аталсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Әйтеке би кентінің әкімі

    А.Абиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.