«Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қыркүйек 2025 ж.

    «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 187 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрыққа 35-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.;

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың көшірмелерін қазақ және орыс тілінде «Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2025 жылғы «11» қыркүйектегі

    № 490 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2025 жылғы 22 сәуірдегі 

    № 187 бұйрығына

    35-қосымша

    № 299 нысан

    ____________________________________________________________

    Мемлекеттік мекеменің (орталықтандырылған бухгалтерия) атауы

    Бекітемін:

    Мемлекеттік мекеменің басшысы

    _____________________________

    Қолы, тегі, аты, әкесінің аты

    (ол болған жағдайда)

    «____» __________________ жыл

    Тамақ беру үшін мәзір-талап «____» ______________ жыл

    Тамақтанатын адамдардың саны ___________

    Тамақтанатын адамдардың саны туралы ақпаратты ұсынуға жауапты адам ________________________________________________________________

    лауазымы, қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    № 299 нысанның сырт жағы

    Мәзір
    1 адамға салынатын тамақ өнімдерінің атауы мен саны
    1. Таңғы ас
    2. Түстік
    3. Бесіндік
    4. Кешкі ас
    1 адамға барлығы
    Беруге барлығы
    Бағасы
    Сомасы

    Дәрігер (диетмедбике) ____________________________________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қабылдаған аспаз ________________________________________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Берген қоймашы _________________________________________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Ескертпе:

    1314 «Тамақ өнімдері» қосалқы шоты бойынша тамақ өнiмдерiн қоймадан (сақтау орындарынан) жiберу үшiн қолданылады.

    № 299 нысан бойынша мәзiр-талап күн сайын тамақ өнiмдерiн тарату нормалары және тамақтанатын адам саны туралы деректер негiзiнде жасалады.

    299 нысан бойынша мәзiр-талап адамдардың тамақ өнiмдерiн беру және алу туралы қолхаттарымен бухгалтерлiк қызметке графикте белгiленген мерзiмде, бірақ айына кемiнде үш рет берiледi.

    299 нысан бойынша мәзiр-талапты тексергеннен кейiн бухгалтерлiк қызмет № 399 нысаны тамақ өнiмдерi шығысының ай сайынғы жинақтау ведомосіне жазба жүргізеді.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.