Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қыркүйек 2025 ж.

    Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану:

    «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» 2020 жылғы 3 маусымдағы № 35/02 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрде №5860 болып тіркелді);

    «Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» № 35/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 14/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрде №27198 болып тіркелді).

    2. Облыс әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қарағанды облысының әкімі

    Е. Бөлекпаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.