Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қыркүйек 2025 ж.

    Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 140-бабының 2 тармағына сәйкес, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ақсуат мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

     2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақсуат ауылдық округінің әкімі

    Н. Бакытов

    Ақсуат ауылдық округі әкімінің

    2025 жылғы 09 қыркүйектегі

    № 1227 шешіміне қосымша

    Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ақсуат мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

    Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
    Таза табыс сомасынан 5 пайыз
    Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
    150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.