Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 914-1-бабына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Жітіқара ауданының әкімі
А. Жаныспаев
Жітіқара ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 217 қаулысына
қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
|
№
|
Ұйымдардың тізбесі
|
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
|
|
1
|
«Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Аумақты тазалау және жинау
Бұталарды кесу
Ағаштар отырғызу, әктеу
Ғимаратты, қоршауды сырлау, әктеу
Газон, шөп шабу
Абаттандыру
|
|
2
|
«Жітіқара ауданының Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
|
|
3
|
«Жітіқара ауданының Забелов ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
|
|
4
|
«Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
|
|
5
|
«Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
|
|
6
|
«Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
|
|
7
|
«Жітіқара ауданының Приречный ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
|
|
8
|
«Жітіқара ауданы Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
|
|
9
|
«Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
|
|
10
|
«Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
|
|
11
|
«Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.