Көшелерге қайта атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы қорытындысы негізінде және Дамбы ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы Дамбы ауылдық округінің келесідей көшелеріне қайта атау берілсін:
1) Дамбы ауылының «Көкарна» көшесі - «Салық Нәбиев» көшесі;
2) Амангелді ауылының «Жангелдин» көшесі - «Құспан Қадыралиев» көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дамбы ауылдық округі әкімі
Т. Аубакиров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.