Атауы жоқ көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 13 тамыздағы қорытындысы негізінде, Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі Шолаққорған ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
№10 атауы жоқ көшеге – Ақберген Отаров;
№12 атауы жоқ көшеге – Омарбек Дүйсенбеков;
№14 атауы жоқ көшеге – Әшірбек Төребеков.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шолаққорған ауылдық округінің әкімі
Ж.Тулепбергенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.