Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылындағы атауы жоқ орамдарына атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қыркүйек 2025 ж.

    Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылындағы атауы жоқ орамдарына атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы №2 қорытындысына сәйкес Жуантөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1.Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылының келесі көшелеріне:

    - №4-7 орамдардағы атауы жоқ көшеге «Тұрмантай Досманов» есімі;

    - №3-8 орамдардағы атауы жоқ көшеге «Өтеу Нұғманов» есімі;

    - № 5 орамдағы атауы жоқ көшеге «Абдулхамид Әшіров» есімі;

    - № 12 орамдағы атауы жоқ көшеге «Сығанақ» атауы;

    - №16 орамдағы атаусыз көшеге «Жерұйық» атауы;

    - №17 орамдағы атаусыз көшеге «Қызылшоқы» атауы;

    - №20 орамдағы атаусыз көшеге «Қарашоқы» атауы;

    - №21 орамдағы атаусыз көшеге «Қышқұдық» атауы берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өтекен соң қолданысқа енгізілсін.

    Жуантөбе ауылдық округі әкімі

    А.Есимов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.