Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қыркүйек 2025 ж.

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 221 «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8540-04 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;

    көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

    көрсетілген шешіммен айқындалған, Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

    атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Шалқар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;

    9 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

    2. «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы

    Ж. Шамбалаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.